Йемендегі хуситтер Сауд Арабиясының мұнай нысандары мен әуежайларына тағы шабуыл жасады.
Баллистикалық зымырандар мен дрондар арқылы бомбалаған. Қарулы топтың ресми өкілі Яхья Сарианың мәлімдеуінше, Эр-Риядтағы халықаралық әуежай, Абха мен Хамис-Мушайт қалаларындағы радиолокациялық станцияларды нысанаға алған. Сондай-ақ Джизан мен Шығыс провинциясындағы мұнай өңдеу зауыттары мен электр станциялары да шабуылға ұшырады. Салдарынан бірқатар стратегиялық нысанға айтарлықтай зақым келген. Алайда ресми Эр-Рияд зымырандарды қағып түсіргенін айтады. Қарымта жауап ретінде хуситтердің осы шабуылға қатысы бар жасақтарына соққы берді. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Тегтер #хуситтер #Сауд Арабиясы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz