Грекияның Крит аралы маңында мыңнан астам мигрант құтқарылды. Операция бірнеше бағытта жүрді. Көршілес Гавдос аралынан екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды 24KZ.
Жағалау күзетінің мәліметінше, тағы үш қайықтан 190 адам эвакуацияланды. Оларды Еуропалық одақтың Frontex шекаралық бақылау агенттігінің сарбаздары дрон арқылы байқаған. Кейінгі жылдары Ливиядан Грекияға қарай бет алған мигранттар ағыны күшейді. Әсіресе Бангладеш азаматтары және Судандағы қақтығыстан бас сауғалаған босқындар көбейген.
Тегтер #24KZ #Грекия #мигрант #Еуропалық Одақ #құтқару операциясы #эвакуацияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz