RU
Толық нұсқаға өту

Әлемде 168 млрд м³ газ ысырап болған

29.11.2026, 21:45 31

Қазақстанда мұнай-газ инфрақұрылымынан шығатын метанды бірыңғай бақылау жүйесі енгізілуі мүмкін. Жоба Дүниежүзілік банкпен пилоттық негізде іске асады деген жоспар бар, деп хабарлайды 24KZ.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі бастаманы қарастырып жатыр. Бұл жөнінде халықаралық ұйым жетекшілері әмірліктер астанасы Абу-Дабиде өткен жиында мәлімдеді. Шикізат өндіру ісіне арналған конференцияда Қазақстанның табиғи газды ауада жағу көрсеткіші 2012 жылдан бері 87 пайызға азайғаны айтылды. Мамандардың айтуынша, бұл – әлем елдеріне үлгі боларлық жағдай. Енді метанның инфрақұрылымда ауаға таралуын тежеп, кәдеге жарату қажет. Осы бағытта халықаралық құрылым ел үкіметіне қолдау көрсетуге дайынбыз деп отыр. Ресми деректерге қарағанда, былтыр әлемде шамамен 168 млрд текше метр газ ауада жағылып, ысырап болған. Бұл тұтас өңірді көгілдір отынмен қамтуға жетеді.

Зубин Бамжи, Дүниежүзілік банк тобы Энергетика жөніндегі департаментінің бағдарлама басшысы:

– Дүниежүзілік банк қазір газды ауада жағу және метанның таралуы жөніндегі бағдарлама аясында Қазақстанның Экология және табиғи ресурстар министрлігімен нәтижелі жұмыс жүргізіп жатыр. Осы бағыттағы процесті кешенді бақылау үшін арнайы жүйе құру мәселесін талқылай бастадық. Пилоттық жоба арқылы алдағы уақытта қолдау көрсетуге дайынбыз. Бірінші кезекте инфрақұрылым нысандарында газдың таралу мөлшерін нақты анықтауымыз керек. Мұндай шара келешекте маңызды шикізатты ысырап қылмай, кәдеге жаратуға негіз болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz