RU
Толық нұсқаға өту

Сарайшықтан көне кесене табылды

04.07.2024, 10:03 917

Атырауда көне кесене табылды. Сарайшық қалашығынан шыққан нысан бұған дейінгі зерттеулерде кездеспеген тың дерек дейді ғалымдар.

Күйдірілген кірпіштен берік әрі сәнді қаланған кесененің күмбезі қираған. Алайда, қабірге кіріп-шығатын жабық дәліз сол қалпында сақталыпты. Есігі оңтүстік шығысқа қараған дромостың ұзындығы 170, биікті 60 сантиметр.

Бұл – дәліздің жартылай қазылған бөлігі - дейді археологтар. Сондай-ақ, дромостың оңтүстік бөлігінен шаруашылық бөлме де анықталды. Қазба кезінде қыш құмыралар мен сәндік бұйымдар және орта ғасырлық сәндік жапсырмалар, мыс тиындар табылған.

Амангелді Заинов, археолог:

- Әдетте мұндай кесенелерге бірнеше адам жерленеді. Бұл Сарайшық, қазақ тарихындағы белгілі тұлғалар болуы мүмкін. Кесененің ерекшелігі – бромсының толық сақталуында. Осы толық сақталуына қарап, Сарайшық қаласындағы бұл типтегі кесенелердің бромсының қандай үлгіде болғандығын көре аламыз. Алдын-ала болжам бойынша мұндай кесенелер 16-17 ғасырда тұрғызылған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz