RU
Толық нұсқаға өту

Димаш Құдайберген Астанада концерт береді

08.07.2024, 10:30 1145

Бұл туралы сахна саңлағы өзінің жеке парақшасында хабарлады.

«Биыл Астанада 8-14 қыркүйек аралығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткізілмек. Дүбірлі додаға қатысу үшін әлемнің 100 ден аса елінен 4 мыңнан астам спортшы келеді. Мереке аясында Қазақстан Республикасының  Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, «Димаш-Али» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Астана Аренада» менің «Stranger» атты жеке концертім өтеді. Билеттер сатылымына қатысты ақпарат жақын күндері беріледі. Менің ресми аккаунттарыма назар аудара жүріңіздер. Концертте кездесейік, достар», – деп жазды әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz