RU
Толық нұсқаға өту

Танымал суретші Рене Магриттің картинасы $95 млн-ға бағаланды

30.09.2024, 14:44 1022

Танымал бельгиялық суретші Рене Магриттің картинасы Нью-Йорктегі аукциондағы ең бағалы зат болмақ, деп хабарлайды 24kz.

Оның құны 95 миллион АҚШ долларға бағаланып отыр. Осыған ұқсас картина 2022 жылы Лондондағы Сотбис аукционында небәрі 79,5 миллион долларға сатылған еді. «Жарық империясы» деп аталатын туынды, бұрын-соңды болмаған қымбат бағамен сатылымға түспек. Магритпен қатар биыл 19 қазанда өтетін аукционға Жоан Миро, Дэвид Хокни, Энди Уорхол сынды танымал суретшілердің туындылары қойылады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz