RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда студенттер арасында инклюзивті фестиваль өтті

22.11.2024, 23:20 888

Шын талантқа тұсау жоқ. Алматыда құлағының мүкісі бар студенттер арасында республикалық DEAF MADE инклюзивті фестивалі өтті, деп хабарлайды 24KZ. Елдің әр өңірінен келген жастар ұлттық мәдениет, салт-дәстүр бойынша өнерлерін ортаға салды. Атап айтқанда, әр команда өзін-өзі таныстырып, заманауи би, сән үлгілерін көрсетті. Сондай-ақ ым-ишарамен ән айтудан сынға түсті.

Шара ерекше қажеттілігі бар студенттердің тәрбиелік, шығармашылық, көркемдік-эстетикалық дағдыларын дамытуға бағытталған. «Әрі мұндай шаралардың кедергісіз білім беру кеңістігін қалыптастыруда маңызы зор», – дейді ұйымдастырушылар. Жеңімпаздар медальдармен, дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Ағайша Сапарова, Алматы қ. ресурстық инклюзивті орталығының басшысы:

- Колледждерде мұндай фестивальдердің маңызы зор. Өйткені шығармашылық жастарды біріктіреді. Әртүрлі студенттер өз таланттарын паш етті. Біз қоғамда осындай жандардың өмір сүріп жатқанын және олардың өзін-өзі дамыта алатынын көрсеткіміз келді.

Мира Асылбекова, сурдоаудармашы:

- Біз бұл жерге есту қабілеті зақымданған студенттерімізді алып келдік. Балалардың өнерін паш етіп, өз ортасына көрсетуге, сайысқа, өнерлерін, билерін. Сондай-ақ өзі сияқты жан-жақтан келген студенттермен танысып, бір-бірімен аралассын деген мақсатта.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz