RU
Толық нұсқаға өту

Қазақ қызы «Әзербайжан дауысы» жобасында бағын сынап жатыр

10.02.2025, 09:30 2049

Бауырлас елде ең ауқымды және ең қымбат тележоба «Әзербайжан дауысы» басталды, деп хабарлайды 24KZ. Оған әзербайжандықтар ғана емес, өзге мемлекеттердің де өнерпаздары қатыса алады. Біздің елден Қазақстан атынан атыраулық талантты қыз бағын сынап жатыр.

Әзербайжан көгінде әуелете ән шырқап тұрған Санат Асуат Атырауда туып-өскен. Жасы бар болғаны 20-да. Қазір Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Эстрада вокалы» мамандығы бойынша үшінші курста оқиды. Жалпы ол 5 жасынан бастап ән айтады. Алғаш рет өнерін ата-анасы байқаған. Анасы домбыра тартады, әкесі дәстүрлі садақ атумен айналысады, ұлттық шеберханасы бар. Санатты да мергендікке үйреткен.

Санат Асуат, Қазақстан атынан қатысушы:

- Осы жобаға қатысуымды өзімнің атама арнаймын. Оның аты – менің фамилиям Ассуат. Атам дүниеден өткенде мен бірнеше күннен кейін «Әзербайжан дауысына» өткенімді білдім. Ол атамнан белгі болғандай.

«Әзербайжан дауысы» тележобасына Халық әртістері Зүльфия Ханбабаева мен Роя Айхан, сондай-ақ Eurovision ән байқауының жеңімпазы Эльдар Гасымов пен композитор Мурад Ариф қазылық етеді. Біздің Санатты Елдар Гасымов өз тәлімгерлігіне алды.

Елдар Гасымов, Санат Асуаттың тәлімгері:

- Бұл байқауға біраз шетелдік өнерпаз қатысып жатыр. Санат Асуат менің тобыма қосылды. Мен оның дауысын естіп, қатты тәнті болдым. Сондықтан еш ойланбастан таңдадым. Қазақтың қаршадай ғана қызы екен. Өте талантты.

Алда 3 кезең бар. Осы аралықта әр қатысушы өз тәлімгерімен бірге қажырлы еңбек етеді, сынға түседі. Санат Асуат қарындасымызға сәттілік тілейміз!

Авторлары: Ернат Рахметолла, Эсли Назарова, Домрул Заманлы.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz