RU
Толық нұсқаға өту

Қазақ дизайнерінің сән туындылары Парижде көрсетілді

10.02.2025, 14:50 1892

Қазақтың жас дизайнер қызы Әйгерім Алтынбаева сән туындаларын алғаш рет Парижде көрсетті, деп хабарлайды 24KZ. Іс-шара ғаламдық сән әлемінің көрнекті орны Ритц тарихи қонақ үйінде өтті.

Әйгерім Лондондағы Ковентри университетінің «Киім дизайнері» мамандығы бойынша түлегі. Оның дипломдық жұмысы Сингапурдағы халықаралық сайыста бірінші орынды жеңіп алған. Әйгерімді Францияға Париж сән апталығы аясында шақырған. Көрсетілімге келгендер қазақ қызының шығармашылығын жоғары бағалап жатыр.

Мелисса Дукуре, модель:

- Маған коллекция өте қатты ұнады. Өйткені одан нәзік сезім, бекзаттық, бибілерге тән биязылық байқалады. Дизайнер тарихи фильмдерді көп көрген секілді. Орта ғасырдың өр рухын сезінесің. Қосетекті, алтын нақышты киімдері көп.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz