RU
Толық нұсқаға өту

Өзбек жазушысы Шоқан Уәлиханов жайлы повесть жазды

14.02.2025, 10:01 530

Өзбекстандық жазушы Владимир Фетисов қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлиханов жайлы повесть жазды, деп хабарлайды 24kz

Әзірге шығарманың үзінділері жергілікті баспа бетінде апта сайын жарияланып келеді. Автор көп ұзамай кітап болып басылып шығатыны айтады.

Владимир Фетисов әскери барлау тақырыбына қалам тербейді. Ол, әсіресе, XIX ғасырда Түркістан аймағы үшін таласқан Ресей мен Британияның саяси ойынына терең үңіледі. «Шоқан Уәлиханов тұлғасы алып империялар текетіресінде үлкен рөл атқарды», - дейді автор. 

Шоқан Уәлихановтың тарихи тұлғасы Владимир Фетисовты бірден баурап алған. Жастайынан әкери тәртіпке машықтанған қазақ офицері ғылымға да мол үлес қосты. Алып империялардың тартысы кезінде өзіне артылған миссияны аса ыждахаттықпен орындады.

Владимир Фетисов, Өзбекстан Жазушылар одағының мүшесі:

- Шоқан Уәлиханов – Қашқарияға тыңшы болып тұңғыш сапар жасаған офицер. Марко Полоның жазғандары бар. Бірақ оның деректері ғылыми ортада күмән туғызды. Ал Шоқан Уәлиханов Қашқарияны жаңа қырынан көрсетті. Мәселен ол неміс-британ саяхатшысы Адольф Шлагонвейдтің құпия өлімінің сырын ашты. Қашқардан алғашқы карта мен этнографиялық суреттер әкелді. Ол өзі де мықты суретші еді. Бұл сол кездегі ғылыми ортада үлкен жаңалық болды. Шоқанның қайталанбас тұлға екені сол замандарда айтылды.

Шоқан жайлы айтылмай қалған сыр аз. Алайда повесть авторы Ташкент архивтерінен құнды құжаттарды көргенін айтады. Өзбек астанасы сол тұста Түркістан аймағының маңызды шаһары болған.

Владимир Фетисов, Өзбекстан Жазушылар одағының мүшесі:

- Генерал губернатор Константин Кауфманның бұйрығымен Шоқан Уәлиханов қайтыс болғаннан кейін ескерткіш қойылады.Шоқан жайлы толыққанды повесімде осы жайлы жаздым. Тағы бір қызықты тұсына тоқталғым келеді. 1918 жылы революциядан кейін Шоққаннның ескерткішін бәзбіреулер диірмен құрылысына алғысы келеді. Балғамен ұрып жатқанда тастың үгіндісі жаңағы адамның көзіне кіріп, бір аптадан кейін әлгі қайтыс болады. Мистикалық оқиға ғой. 

Владимир Фетисовтың Шоқан Уәлиханов жайлы повесті «Өзбекстан жаңалықтары» порталынан үзінді болып, апта сайын жарық көреді. Туындыда Ташкент архивтерінен табылған құнды құжаттар мен ауыздан ауызға жеткен мистикалық оқиғалар баяндалады.

Ендігіде өзбек жазушысы қазақтың тұңғыш ғалымы жайлы кітап шығаруды мақсат етіп отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz