Былтыр Өзбекстанда қазақ жазушыларының 20 кітабы жарық көрді.
Биылда біраз шығармалар баспаға әзірленген.
Өзбекстан жазушылар одағындағы қазақ әдебиеті кеңесінің кезекті жиынында Ұлы Абайдың 180 жылдығына дайындық шаралары пысықталып, алдағы міндеттер айқындалды.
Ақын Қошқарбай Байжігітов Өзбекстанның Жазушылар одағындағы 13 қазақтың бірі. Бүгін ол мүшелікке өтіп, куәлігін алды. Жалпы мұндағы қазақ қаламгерлерінің саны 60-қа жуықтайды. Былтыр түрлі жанрда 20 кітап шыққан. Авторлар көбіне туған жер, естеліктер мен балалар шығармасына қалам тербейді.
Тұрсынәлі Ахметов, Өзбекстан Жазушылар одағы қазақ әдебиеті кеңесінің төрағасы:
- Бүгінгі күнде қазақ жазушылары көбіне көркем аударма саласында еңбек етіп жатыр. Олар әсіресе өлең шумақтары. қаламгерлеріміздің арасында орта буын жас буын бар. Жас жазушыларды қолдайтын шаралар өткізіледі.
Қазақ кітаптарының негізгі оқырмандары мектеп оқушылары. Қандастар көп шоғырланған Ташкент облысынан бөлек, Қарақалпақстанда да қазақ жазушыларының шығармалары сұранысқа ие.
Құттыбай Башаров, «Нұрлы жол» газетінің жауапты хатшысы:
- Бүгінде Өзбекстандағы қазақ қаламгерлері Қазақстанның жазушылар одағына мүше болуда. Бұрын ондай байқалмайтын. Қазір екі ел арасында бірін бірі мүшелікке қабылдау жақсы үрдіске айналған. бұл жақтағы жазушылардың кітаптары қазақстанда басылып беріліп жатыр.
Жиында биылғы жылы жарыққа шығатын шығармалардың мазмұны мен қаржыландыру тетіктері сөз болды. Жас ақын жазушыларды қолдау тақырыбы да назардан тыс қалмады. Келелі кеңесте ұлы Абайдың 180 жылдығына арналған ақындар мүшәйрәсін өткізу шарасы пысықталып, қазақ ойшылына Навои қаласында ескерткіш орнату идеясы қозғалды.
Дулат Нуркин
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz