Астанада «Gulder» ансамблінің 55 жылдық мерейтойына арналған гала-концерт өтті, деп хабарлайды 24kz.
Кеште эксклюзивті қойылымдар мен жаңа хореографиялық композиция көрсетілді. Ал классикалық туындылар жаңа сарында көрермен назарына ұсынылды. «Gulder» ансамблінің мерейтойына орай Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева құттықтау хатын жолдады.
«Жарты ғасырдан астам уақыт ішінде өнер ұжымы қазақ мәдениетінің жарық жұлдызына айналып, ұлттық өнерді әлемге танытуда маңызды рөл атқарды. Бүгінгі таңда «Гүлдер» ансамблі тек Қазақстанда ғана емес, халықаралық деңгейде де кеңінен танылып, өзінің ерекше орындаушылық шеберлігімен мойындалуда», - делінген құттықтау хатта.
Еске салайық «Гүлдер» ансамблінің жаңа құрамының жұмысы 2022 жылы басталды.
Қапаш Құлышева, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, «Gulder» ансамблінің әншісі:
- Мен «Gulder» ансамблі құрылғаннан бастап 44 жыл осы «Гүлдерде» жұмыс жасадым. Жаңа «Gulder» жаңа заманға сай құрылды қайтадан. Мен оған қуаныштымын. Қазақстанның өнері өшпесін, қазақтың талантты балалары көп, талантты қыздары көп. Біз өзіміз кезінде қайтсек өнерімізді шыңнан көрсетсек деп еңбектендік. Сол еңбегіміз бағаланып жатыр деп ойлаймын.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz