Атырау облысы Жылыой ауданында ұлттық өнерді дәріптеп жүрген зейнеткер суретші тұрады.
73 жастағы Ырзабай Оразғалидің қазақы ою-өрнекпен салған ойлы туындылары көпшіліктің көңілінен шықты. Оюсыз сурет салмайтын шебермен әріптесім тілдесіп қайтты.
Ырзабай Оразғали туындыларында тек ақ пен қара түсті қолданады. Әр тақырыбын терең зерттегеннен кейін ақ парағын оюмен бедерлеп бастайды. Ондағы ойы – қазақтың ұлттық өнерін дәріптеу.
- Сурет салғандағы мақсатым – оюды қалайда пайдаға асыру. Соны халыққа таныстыру. Мынадай ою емес, мынадай мән-мағынасы жоқ нәрсе емес, сюжетке құрылған мән-мағынасы бар сондай./
Ырзабай ақсақалдың әр суретінде терең ой бар. Мысалы Рамазан айына орай 3 жыл бұрын 30 сурет салған. Оған қызығушы да көп. Әр күнге арналған туындысын зейнеткер былай түсіндереді:
Ырзабай Оразғали, суретші:
- 30 күн ораза. Міне ай осылай туады ғой. Он төртінде толысады домалақ болып. Сосын теріс жағынан былай айналады. Сол, міне айдың басы.
Ал мынау оразаның бесінші күніне арналған «Періште пәк» деп аталатын сурет.
Ырзабай Оразғали, суретші:
- Мынадай пәле шықты, Кеңес үкіметі тұсында, сол замандарда. «Алтын көрсе періште жолдан таяр» деген. Мынау тура жол ғой. Мынау алтын. Алтынның таңбасы. Сол алтынды көріп, жолдан былай таяды ананы алмас үшін. Алып кетейін деген ондай арамдығы жоқ, арам ойы жоқ. Жолдан тайып, өзінің тура жолына қайта түсіп тұр, мінекей, періште пәк.
Ырзабай Оразағалидің ұлы да кәсіби суретші. Төлеужанның туындылары қазір Құлсарыдағы ғимараттардың сәнін келтіріп тұр. Баласының бойындағы қабілетін тани білген Ырзабай ақсақал ұлын жастайынан сурет өнеріне баулыған.
Төлеужан Оразғали, суретшінің Ы. Оразғалидың ұлы:
- Суретті бала кезімнен бастап саламын. Менің 10 жасымда әкем өнер мектебіне берді. Кішкентай кезімнен суретке ынтамды көріп, сол 10 жасымнан бастап, яғни 4 кластан бастап, өнер мектепке қатысып, сол жақтан оқу бітірдім. Кейін әрі қарай колледжге түстім.
Төлеужан қазір өнер жұлдыздарының да портретін салып жүр. Оның шеберлігі сол – салған суретін түпнұсқадан ажырату қиын. Енді әкелі-балалы өнер иелері жуырда облыс орталығында көрме өткізуді жоспарлап отыр.
Асланбек Шығыр, Амантай Мәтенов, Жандос Рахметуллин
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz