RU
Толық нұсқаға өту

Ақтөбеде кимешек киген әжелер шеруі өтті

14.03.2025, 17:45 692

Амал күні Ақтөбеде кимешек киген әжелер шеруі өтті.

Дәстүрлі шара Наурызнама бағдарламасының беташарына айналған. Сән-салтанатқа оранған көшті саятшы жігіттер бастап, ақжаулықты ақбұрым аналар қостады. Шаһардың көшелерімен жүріп өткен әжелер тобы ән айтып мерекенің сәнін келтіруде. Жол бойында жүздескен жұртпен қол алып, құшақ жая амандасып қана қоймай, бата беріп, жаңа жылға ақжарма тілектерін білдірді. Бұл мерекенің ізгі амалдары. Кимешек киген кейуаналардың дәстүрлі шеруіне биыл ақжаулықты келіндер де  қосылған.

Қарлығаш Есенаманова, қала тұрғыны:

- Біздің еліміздің бұл өте керемет күні. Амал күні көктем иісі сезіліп, құлпырып. Елімізге амандық болсын. Ауызбіршілік, бейбітшілік тілеймін. артымызда келе жатқан келіндеріміз, сондай әдемі салиқалы ұрпақ өссін. Жасаған қадамдарымызды жасасын, жалғастырсын деген үміттемін.

Айнагүл Аманова, қала тұрғыны:

"Жіңішкенің үзіліп, жуанның жіңішкеретін уақыты",- дейді сол жылдан аман-есен шығып мал амандығын, жан амандығын тілеп бір-біріне жақсы тілектерін тілейтін біздің ұлы мерекеміздің ең басты тілегі. Бұл ұрпақтар сабақтастығы - ақ кимешек киіп, қандай әдемі болып әжелеріміз жүрсе олардың артында келіндік ибасын, инабатын көрсетіп ақ орамал, жаулықтарын тағып келіндеріміз ілесіп келе жатыр. Бұл жылда дәстүрге ұласса дейміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz