RU
Толық нұсқаға өту

А. Балаева Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелерге қатысты пікір білдірді

15.03.2025, 09:10 785

Мемлекет басшысы Бурабайда өткен Ұлттық құрылтай отырысында мәдени-гуманитарлық саланы дамытуға қатысты бірқатар маңызды тапсырмалар берді. Президент кезекті рет әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселесіне ерекше назар аударды.

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес туралы заң қабылданғаннан кейін Мәдениет және ақпарат министрлігі отбасын қолдау орталықтарының жұмысын қайта құруды жүзеге асырды. Елімізде қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмектесу мақсатында кейс-менеджмент жүйесі енгізіліп, бірыңғай желі құрылды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. Бүгінде Қазақстанда 104 отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді, ал 2027 жылға дейін олардың санын 208-ге дейін көбейту жоспарланып отыр. Президент адами капиталға инвестиция салудың маңыздылығын да атап өтіп, елдің интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін қолдау мен оны табысты іске асыру қажеттігін де айтты. «Мемлекет басшысы сонымен қатар елдің құжаттық мұрасын сақтау мәселесіне де ерекше тоқталды», – деп жазды Аида Балаева.

«Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанның жаңа мәдени мұра нысандарын ЮНЕСКО тізіміне енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Осы мақсатта ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» тізіліміне Қазақстанның құжаттық мұрасын енгізу және насихаттау жөніндегі Жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына ғалымдар, архившілер, археологтар, академиялық қауымдастық өкілдері мен қоғам қайраткерлері кірді» — Аида Балаева.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz