RU
Толық нұсқаға өту

Өскеменде қазақ киносының алтын қорындағы фильмдер көрсетілді

16.03.2025, 21:00 698

Шаңырақ күнінде Өскеменде ерекше шара өтті, деп хабарлайды 24KZ. Республика алаңына тігілген ақбоз үйде қазақ кинематографиясының классикалық туындылары көрсетілді.

Ең алдымен жиналған жұрт қара шаңырақ төріндегі экраннан Шәкен Аймановтың «Тақиялы періште» фильмін тамашалады. Осыдан 57 жыл бұрын түсірілген бұл кино әлі де қалың көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп келеді. Онда ұлттық дәстүр де, өнер де, ана мен бала арасындағы сүйіспеншілік те, үлкен-кішінің сыйластығы да ерекше көрініс тапқан. Осыдан соң тұрғындар назарына «Менің атым қожа», «Дос Мұқасан» фильмдері ұсынылды.

Жансая Темірбек, қала тұрғыны:

- Бұдан біздің аларымыз көп. 500 адамдық киіз үйдің ішінде біздің қазақ халқының киносын көру біз үшін мәртебе және өзімнің балаларыма да соны көрсетуге әкелдім. Жалпы болып жатқан бір фильмнің өзі ана мен баланың махаббатын дәріптеп, болашақ ұрпағымызға үлгі-өнеге ретінде көрсетіліп жатқаны өте қуанышты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz