«Астана Балет» театры Павлодарда өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Тұрғындар үш күн бойы классикалық туындыларды тамашалайды. Гастрольдік сапардың алғашқы күні Естай атындағы мәдениет сарайында «Кармен» балеті қойылды. «Астана Балет» театрымен бірге опера жұлдызы Мария Мудряк та өнер көрсетті. Ол Наурыз мерекесіне орай, жерлестеріне әдемі кеш сыйламақ. Опера әншісінің бағдарламасы бай. Әлемдік классикалық операның озық туындыларын орындайды.
Элмар Бөрібаев, «Астана балет» театрының дирижері:
- Симфониялық және опералық музыканың тамаша кеші өтеді. Бәріміз жақсы көретін, өнерін жоғары бағалайтын әнші Мария Мудряк өнер көрсетеді. Біз бұған дейін Астана мен Алматыда осындай концерт өткіздік. Мариямен әріптестігіміз өнер иесінің туған жерінде жалғасып жатқанына қуаныштымын.
Татьяна Тен, «Астана балет» театрының әртісі:
- Павлодардың сахнасы бізге жақсы таныс. Мұнда өнерді көкке көтеретін патша көңілді көрермен бар. Бізді әрдайым құрметпен қарсы алады. Біз бірінші Бизе-Щедрин музыкасына арналған «Кармен» балетін қоямыз. Екінші акт Чайковскийдің музыкасына жазылған «Триумф» балеті. Павлодарлықтардың көңілінен шығады деп ойлаймын.
Тегтер #Астана Балет #Павлодар #қойылым
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz