RU
Толық нұсқаға өту

Қарағанды халқы Евней Бөкетовті еске алды

20.03.2025, 10:07 648

Қарағанды халқы көрнекті ғалым, қоғам қайраткері Евней Бөкетовті еске алды, деп хабарлайды 24kz.

23 наурызда танымал тұлғаның туғанына 100 жыл толады. Ғылым мен білімнің дамуына өлшеусіз үлес қосқан ғалымның ғасырлық мерейтойы еске алудан басталды.

Қала жұртшылығы, ғалымдар мен студенттер академиктің қабіріне гүл қойды. Евней Бөкетов өмірінің соңына дейін Қарағанды мемлекеттік университетінде ректор болды. Ұзақ жыл химия ғылыми-зерттеу институтын басқарды. Евней Бөкетов аудармашылықпен де айналысты. Ол әлем әдебиетіндегі туындыларды қазақ тілінде аударды. Евней Бөкетовтің туғанына 100 жыл толуына орай 100 шақты іс-шара өткізу жоспарланған.

Нұрлан Дулатбеков, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры:

  • Мәселен сондай бір игі іс-шаралардың бірі – ол мына Бөкетовтің көп жылғы таңдамалы шығармаларын қайта жариялау. Сонымен қоса, мына студент жас балалардың оның ішінде ауыл балаларының арасында Халықаралық деңгейдегі Олимпиадаларды өткізу және сонымен қоса өзімен бірге істеген, өзінің артынан ерген жас ұрпақтарының еңбектерін насихаттау. Олар да кейін профессор болды, олар да кейін академик болды.
Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz