RU
Толық нұсқаға өту

Қытай қазақтары Наурыз тойлады

21.03.2025, 15:20 683

Қытай қазақтары Наурыз мерекесін тойлады, деп хабарлайды 24KZ. Бейжіңде арнайы концерт өтті. Мерекелік шара Қытай астанасының төріндегі Житан саябағында ұйымдастырылды.

Думанды кеште Шыңжаңдағы Тарбағатай аймағының қазақ ансамблі өнер көрсетті. Халық әндері қазақ-қытай тілдерінде шырқалды. Өнерпаздар ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен ән салып, көрермендерін қол соқтырды. Ұйымдастырушылар: «Жергілікті этностардың мәдениеті мен ұлттар ынтымағын арттырады», – дейді.

Айта кетерлігі, Наурыз мейрамын Алтай, Тарбағатай және Іле-Қазақ аймақтары жылда кезекпен атқарады.

Ақбар Мәжитұлы, жазушы:

- Қазақтың наурызын әкеліп қосып отырмыз. Бұл ұлттар арасындағы мәдениет бірлестігі. Тарбағатайдың мәдениетін таныстырып жатыр. Жан-жақтан келіп жатқандар көп. Наурыз күні көже қою болсын! Ақ мол болсын!

Лин Чжун, Бейжің қаласының тұрғыны:

- Бүгінгі концерттен ерекше әсер алдым. Жоғары деңгейде өтті. Ұлттар арасындағы береке мен бірлікті сезіндім. Осы іс-шарадан кейін Тарбағатай аймағын көруге бел будым.

Нұрдыбек Құсайынұлы, мерекеге қатысушы:

- Біздің ұлтымыздың көптеген рухани байлықтары көптеген ұлттарға үлгі боларлық. Мен жаңа артқы қатарларда тұрды. Қытай халқы осы Пекиннің тұрғындары қатты қызығып жатты және мақтап жатты. Біздің ұлттық киімімізді. Би, ән өнеріне қатты қызығушылық танытып жатты. Қазақстандықтарға, барлықтарыңызға Наурыз меркесі құтты болсын, ақ мол болсын, Ұлыс оң болсын деп тілек білдіргім келеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz