RU
Толық нұсқаға өту

Таразда «Жамбыл. Жаңа дәуір» фильмінің көрсетілімі өтті

29.03.2025, 12:50 815

Жамбыл өңірінде қазақ киносының онкүндігі басталды, деп хабарлайды 24kz.

Оның шымылдығы ұлттық кино орталығы түсірген «Жамбыл. Жаңа дәуір» атты фильмімен ашылды. Осылайша, Қарағанды қаласынан бастау алған мәдени шара 10 күн бойы жамбылдық көрермендерді қуантатын болады.

Арыстанбек Кенже, тілші:

- «Жиырмасыншы ғасырдың Гомері» атанған жыр алыбы Жамбыл туралы туындыны тараздықтар жылы қабылдады. Ұлы жырау атындағы өңірдің тұрғындары оның өмір жолымен де, шығармашылығымен жете таныс екені ақиқат. Ал бүгінгі кинотуындыда ақынның өміріне әсер еткен айтулы оқиғалар суреттелген. Сондай-ақ Жамбыл Жабаевтың Ораз Жандосовпен және басқа да көрнекті қоғам қайраткерлерімен кездесуі шынайы көрініс тапқан.

Азамат Тұрар, көрермен:

- Жамбыл атамыздың фильмі өте керемет түсірілген кино. Актерлік ойын керемет. 90 жасқа келгенде ол кісі 1 млн-ға жуық ән шумақтарын білген екен. Жалпы аңыз адам ғой. Ол кісіні өзіміз ұмытпауымыз керек, өзіміз ұлықтауымыз керек.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Кино орталығының қолдауымен түсірілген «Жамбыл. Жаңа дәуір» фильмі 10 күн бойы облысты аралап, көрермендермен қауышатын болады.

Сара Мәдиева, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары:

- Әрі қарай бұл фильмдердің барлығы осы 10 күннің ішінде біздің облысымыздың барлық аудандарын қамтитын болады. Осы көрсетілетін киноның мазмұнына қарай біз осы облыстағы барлық тұрғындармен қатар жекелеген мекемелердегі кәсіп иелерін шақыратын боламыз да.

«Тарихыңды тани алмасаң, келешекті болжай алмайсың» деген сөз бар. Сондықтан «Жамбыл. Жаңа дәуір» фильмін тараздықтарға ұсынудың ерекше мәні бар. «Ұлттық кино орталығының негізгі мақсаты танылмай қалған тарихи тұлғаларымыздың жарқын мұрасын жас ұрпаққа насихаттау», - дейді жоба жетекшісі.

Гүлнұр Қожахметова, Кино орталығы бөлімінің  бас менеджері:

- Жалпы кино орталығының қолдауымен 117 фильм шығарылған, осы 6 жылдың ішінде. Оның 72-сі көркем фильм, 37-сі деректі, 8 анимациялық туынды. 2025 жылы 10-15 шақты кино шығады деп күтудеміз.

Бұған дейін қазақ киносының онкүндігі Қарағанды облысында өткен болатын Енді Жамбыл облысына ат басын тіреп отыр. Келешекте қазақ өнерінің туындыларын жаңа қырынан ашуға бағытталған мәдени шара  ліміздің өзге өңірлері мен қалаларында жалғасатын болады. Жоба аясында көрермендер ел тарихы мен мәдениетін айшықтайтын фильмдерді тамашалайды.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Анастасия Сулейманова, Тимур Сейлхан

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz