Маңғыстау облысында Бекет ата Мырзағұлұлының 275 жылдығына орай «Бабамның төрі – Байтағым» атты республикалық ақындар айтысы өтті.
Жаңаөзен қаласында ұйымдастырылған өнер додасында Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Жетісу, Ұлытау, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарынан іріктелген 12 айтыскер бақ сынады. Сөз сайысында ақындар Бекет ата, Қашаған, Сүгір жырау, Досан, Шотан батыр сынды маңғаз өлкенің тұғырлы тұлғаларын жырға қосты. Қазылар алқасының шешімімен, Маңғыстаулық ақын Абай Жолмағамбетов бас жүлдеге ие болды. Ал 1-орынды Қызылорда облысынан келген Мейірбек Сұлтанхан жеңіп алды. Шара соңында қатысушыларға арнайы сый-сыяпат табысталды. Аламан айтысты «АМАNАТ» партиясының қолдауымен Жаңаөзен қаласының әкімдігі ұйымдастырды.
Анар Шамшадинова, "Amanat" партиясы маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары:
- Қасиетті атамыздың 275 жылдығына арналған айтыстың бас жүлдесі темір тұлпар. Маңғыстау облысы әкімдігінің, Жаңаөзөен қаласы әкімдігінің және Аманат партиясының ұйымдастыруымен өтіп отқан айтысқа халықтың ынтасы өте жоғары.
Аманжол Әлтай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Amanat» фракциясының мүшесі
- Ақын болудың жауапкершілігі - сен мыңдаған халықтың алдында ой айтасың, ақпарат бересің. Соның барлығында да үлкен жауапкершілік болу керек деп ойлаймын. Осы жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды айқындап, әділеттіліктің шырақшысы болып, қай ақынның сөзі басым болды, қай ақын қандай кемшілік жіберіп алды осының бәрін саралап, әділетті бағасын беру ол да үлкен жауапкершілік.
Тегтер #Маңғыстау #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz