Жыл соңына дейін 7 креативті индустрия орталығы қолданысқа қосылады, деп хабарлайды 24KZ. Қазір мұндай 13 нысан бар. Оның бірі Қосшы қаласында. Бүгін онда қолөнер шеберлері бас қосып, саладағы түйінді түйткілдерді жіпке тізді.
Талант иелерінің талап-тілегін тыңдауға Мәдениет және ақпарат, Сауда және интеграция вице-министрлері, депутаттар да барды. Айтайық, қазір креативті индустрияға қатысты заң жобасы Мәжіліс қабырғасында қаралып жатыр. Келелі кеңестегі ұсыныс-пікірлер жаңа құжатқа енеді.
Нұргүл Тау, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Өте ауқымды заң. Өйткені көптеген осы салалардың мамандарын тартып, олардың ойын, пікірін, ұсынысын тыңдап отырмыз. Бүгін осы қолөнер саласының мамандарының жиналысы, қолөнердің проблемасын көтерді. Шебердің қалай болуын немесе шын мәнінде көңіл бөлінбей қалғаны олқылық болып тұр. Осыны толтыратын үлкен ұсыныстар түсті.
Тегтер #қолөнер шеберлері #Қосшы #креативті индустрия #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz