RU
Толық нұсқаға өту

Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді

01.04.2025, 17:00 1205

Алматы облысының Жамбыл ауданында қазақтың әйгілі күйші-композиторы, дирижері, дәулескер домбырашысы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойы аталып өтті.

Мәдени іс-шара - өнерпаздың ескерткішіне гүл қойып, рухына арнап құран бағыштаудан басталды. Нұрғиса Тілендиев өзінің шығармашылық жолында көптеген музыкалық туындыны дүниеге әкелді. Оның шығармалары қазақ музыка өнерінің алтын қорына енді. Сонымен қатар ол "Отырар сазы" этно-фольклорлық ансамблін құрып, ұлттық музыка мәдениетінің дамуына зор үлес қосты. Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойы биыл ЮНЕСКО көлемінде тойланады. Мерейтойлық іс-шаралар композитордың туған жері Алматы облысында басталып, еліміздің түкпір-түкпірінде және шет елдерде жалғасады.

Нағашыбек Қапалбекұлы, ЮНЕСКО-ның жауапты қызметкері:

- Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы ЮНЕСКО-ға кіргенін естігенде бөркімізді аспанға лақтырып қуандық. Өйткені ол бір ғана өнердің ғана емес, бірнеше өнердің қайталанбас ұлы тұлғасы. Мысалы, бірнеше күй шығарған дәулескер күйші, атақты дирижер. Көптеген 400-ге жуық ән-күй, романстар жазған композитор. Мұндай ғажап тұлға сирек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz