RU
Толық нұсқаға өту

Отандасымыз «Әзербайжан дауысы» жобасының келесі кезеңіне өтті

02.04.2025, 22:43 662

Атыраулық Санат Асуат танымал «Әзербайжан дауысы» шоуының үшінші кезеңіне өтті, деп хабарлайды 24kz.

Ол соңғы «баттл» сайысында әзербайжандық қатысушымен бірге дуэт болып ән шырқап, жеңіске жетті.

«Әзербайжан дауысы» тележобасының төртінші маусымы ақпанның ортасынан бері көрсетіліп келеді. 20 жастағы Санат Асуат ел атынан өнер көрсетіп жатқан жалғыз қатысушы. Ол Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының III курс студенті. Оның тәлімгері танымал әзербайжандық орындаушы әрі 2011 жылғы «Евровидение» байқауының жеңімпазы Эльдар Гасымов.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz