RU
Толық нұсқаға өту

Елордада Қуаныш Сұлтановтың қос кітабының тұсаукесері өтті

04.04.2025, 14:43 1128

Елордада «Қазақтың Қонаевы» және «Отыз жылдың ой толғауы» атты кітаптардың тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды 24kz.

Қос бірдей еңбектің авторы – Мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов. Кітапта автор өзі куә болған естеліктерді баяндап, кеңестік тұстағы әділетсіздіктер мен қайшылықтар туралы ойларымен бөліскен.

Қуаныш Сұлтанов, ҚР Мемлекет және қоғам қайраткері:

- Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев – қазақ тарихындағы Қазақстанның өркендеп өсу жолындағы бір айрықша тұлғамыздың бірі. Ол кісі туралы көптеген дүние жазылып жатыр. Әр салада, қызмет бабында. Мен де ол кісімен кезінде қызметтес болғандықтан, қасында бірге жүргендіктен, адами тұрғыдан, бейресми қарым-қатынастар. Ол кісінің кейбір қоғамдағы орны, елмен араласу, сондай-сондай мәселелер туралы өзімнің көзқарасымды жаздым.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz