RU
Толық нұсқаға өту

Ақтаудағы халықаралық шарада қазақтың қолөнері дәріптелді. LIVE

05.04.2025, 11:30 648

Кешелі бері Каспий жағалауында той-думан. Маңғыстауда түркі тілдес халықтардың басын қосқан ауқымды шаралар кезең-кезеңімен жалғасып жатыр. Бүгін «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Оған шамамен 35 мың адам қатысады деп жоспарланған.

 Талғат Исламұлы, тілші:

- Иә, кеше облыс көлемінде жаңбыр жауып, күшті жел соқты. Бүгінде кей жерлерде жауын бар. Ақтауда таңда қалың тұман болды. Соған қарамастан дала сахнасында концерттік бағдарламалар жоспарланған уақытта, сағат 10-да басталды. Біз «Дархан дала» этноқалашығындағы 7 ауылдың бірі «Шерқала» ауылындамыз. Мұнда Қарақия ауданы Құрық ауылынан келген 10-нан аса қолөнер шебері қамшы өруден шеберлік сағатын өткізіп жатыр. Яғни көпшілік ісмерлердің өнерін тамашалап қана қоймай, қамшыны неден және қалай жасау керегін үйреніп жатыр,

Енді есік алдына шығып, этноқалашықтың жалпы көрінісін көрсетсек. Мұнда 40-қа тарта киіз үй бар. Әрқайсында түркі әлеміне ортақ құндылықтарды, салт-дәстүрді насихаттайтын көрмелер ашылды. Қазақ халқының ұлттық бұйымдарымен қатар Әзербайжан, түрікмен, өзбек, қырғыз және Түркияның құнды жәдігерлерін көруге болады. 

Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының бауырлас елдер арасында Түркі әлемінің мәдени астанасы жыл сайын таңдалады. Бұл мәртебеге алғаш рет 2012 жылы Астана қаласы ие болды. Ал 2017 жылы Түркістанға берілді. Биыл Ақтау шаһары лайық деп танылды. Кешелі бері қарт Каспийдің жағасында болып ауқымды шараларды бірнеше мың адам тамашалап жатыр. Шетелден 200-дей адам келді. Оның елуге жуығы – лауазымды тұлғалар, қалғаны – өнерпаздар. Бағдарламаның ең маңызды бөлігі – ашылу салтанаты бүгін кешкі сағат 19:00-де бас сахнада өтеді. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz