Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Петропавл қаласында Amanat партиясының қолдауымен «Еңбек адамы – ел мақтанышы» тақырыбында республикалық командалық айтыстың екінші айналымын өткізді, деп хабарлайды 24kz.
Жыр аламанында Астана қаласының және Солтүстік Қазақстан облысының ақындары мен дәстүрлі өнер иелері бақ сынады. Командалық айтыс мега-жобасы 2024 жылы бастау алды. Бірінші айналымда 10 команда топ жарды. Ал жартылай финал мамыр айында Астана қаласында өтеді.
Аманжол Әлтай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Қазақстанның бүкіл аймағынан 20 команда бақ сынасып жатқан үлкен мега-жоба. Өткенде СҚО мен ШҚО командалары арасында өткен болатын. Сол үлкен байрақты бәсекеде СҚО командасы жеңіп шығып, мінекей, енді бүгін Алла қаласа, екінші кезеңде Астана қаласымен шыққалы тұр.
Доданы тамашалауға келген тұрғындардың қарасы қалың болды. Қазақтың күмбірлеген күйі мен төгілген жыры көзі қырақты көрерменнің көңілінен шықты. Қара домбырасын қолға алып, күй шалқытқан, суырып салмалығымен көзге түскен және дауысы алты қырдан әрі асқан өнерпаздар келушілердің қошеметіне бөленді. Ақындар сүбелі сөз саптап, қоғамдағы өзекті мәселелерді көтерді. Нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен Астана қаласының командасы жеңіске жетіп, республикалық айтыстың келесі кезеңіне жолдама алды.
Тегтер #ПетропавлPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz