RU
Толық нұсқаға өту

Таразда жас суретшілер мен қолөнершілердің көрмесі өтті

14.04.2025, 23:12 422

Оқушылар туындыларын Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арнады, деп хабарлайды 24kz.

Облыстық «Менің әлемім» көрмесіне қала мен аудандардан келген 200-ден аса өрен қатысты. Жас қолөнершілер көрмеге қыштан жасаған бұйымдарын қойды. Ал сурет галереясында барлық ұлт өкілінің қазақ даласына деген махаббатын көруге болады. Қылқалам шеберлері тау мен тасқа тіл бітіріп, өз сезімдерін сурет арқылы сөйлеткен.

Арай Кеңшілік, оқушы:

- Шамамен 1 айдай уақыт кеткен. Бұл жұмысты саз балшық және гипстан орындалған. Бұл жұмысты жасаудың басты мақсаты Қазақстан табиғатын аялау. Осындай керемет және әдемі табиғаттар азайып бара жатыр. Қазір оларды қолдап сақтамайтын болсақ, болашақта жоқ болып кету қаупі бар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz