Биыл Ақмола облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 13 қайырымдылық шарасы өтті, деп хабарлайды 24KZ. Мұқтаж жандарға 4 миллионнан астам теңгеге көмек көрсетілді. Бұл туралы өңірлік ассамблеяның кеңейтілген отырысында айтылды.
Ассамблея мүшелері мұндай игі істерді одан әрі жалғастыра беретінін жеткізді. Жалпы аймақ бойынша биыл әлеуметтік мазмұнда оннан астам жоба жүзеге асырылмақ. Оның аясында 50-ге жуық шара ұйымдастырылады.
Тәжібуви Медетова, өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы:
- Біз көбінесе қайырымдылық шараларына басымдық береміз. Әр мереке сайын көпбалалы отбасыларға материалдық көмек көрсетеміз. Қазір елімізде 140-тан астам түрлі ұлт өкілі тату-тәтті күн кешіп жатыр. Біздің салт-дәстүрлеріміз бір-біріне ұқсайды. Сондықтан біз осы дәстүрді жастарға насихаттап, дәріптеуіміз керек.
Тегтер #қайырымдылық шара #ҚХА 30 #24KZ #Этномәдени бірлестіктерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz