RU
Толық нұсқаға өту

Таразда Бауыржан Момышұлының ерлігіне арналған көшпелі көрме өтті

15.04.2025, 22:30 1451

Тараздық кітапханашылар мектептерді аралап, көшпелі көрме ұйымдастырып жатыр, деп хабарлайды 24KZ. Олар оқушыларды Отан соғысы батырларының ерлігімен таныстырып, ардагерлер туралы мәлімет береді.

Шоқан Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапхана қызметкерлері батыр Бауыржан Момышұлы жайында құнды деректерді жұрт назарына ұсынды. Кітапханашылар жауынгердің тұлғалық қасиетін ашып, жазушылық қырын да таныстырды. Майдан даласындағы ұрыс-қимылы туралы айтып, қаламынан туған шығармалардан үзінді оқыды. Биыл Жеңістің 80 жылдығымен қатар Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының 115 жылдығы атап өтіледі.

Марал Хантөре, облыстық Шоқан Уәлиханов атындағы кітапхананың қызметкері:

- Осында біздің Бауыржан Момышұлының барша кітабы біздің өскелең ұрпаққа, мысалы, «Музей апа» кітабы болсын немесе «Психология войны», яғни орыс тілінде де, қазақ тілінде де осы жастарға көбіне насихатталды. Біздің өскелең ұрпақпен бүгінгі бір байланыс болсын және де осындай баһадүр батырларымыздың ерлігін, елдігін насихаттау мақсатында осындай аталмыш жобалар жиі ұйымдастырылып келеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz