RU
Толық нұсқаға өту

Түркістанда Алтын Орда кезеңінің мұрасына арналған көрме ашылды

17.04.2025, 22:10 873

Түркістанда Алтын Орда кезеңінің тарихи-мәдени мұрасына арналған көрме ашылды, деп хабарлайды 24KZ. Мұнда 120 бірегей экспонат ұсынылды.

Ұлытау өңіріндегі Алтын Орда кезеңіне жататын Жошы хан, Алаша хан кесенелерінің өрнектелген кірпіштері, Жошы хан кесенесінің құббасы, Болған ана мазарынан табылған алтын ыдыстар мен балауыз шамдар қойылды. Сонымен қатар келушілер Алтын Орда астанасы Сарайшық қаласында салынған бірегей күміс дирхемдер мен мыс теңгелерді, көне карталар мен басқа да тарихи құнды жәдігерлерді тамашалады. Көрме бір ай бойы жұмыс істейді.

Айболат Рахманияұлы, «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығы директорының орынбасары:

- 2024 жылғы Атыраудағы Құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Жошы ұлысы туралы жалпы түсінікхалықаралық аренада Қазақстанмен тікелей байланысты болуын назарға алған болатын. Осы мақсатта біз Жошы ұлысына қатысты көрмені осыған дейін Астана, Алматы, Жезқазған қаласында өтті. Бүгін Түркістанға келіп қойып отырмыз. Бұл көрменің негізгі мақсаты – Қазақстанның Алтын Орда мұрасын сақтап отырған тікелей мирас қоры екенін тағы да бір дәлелдеу, халыққа насихаттау.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz