Қызылорда облыстық Әбділда Тәжібаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханада мыңнан астам сирек кітап сақталған, деп хабарлайды 24KZ. Оның 10 данасы – қолжазба. Құнды мұра Ұлттық кітап күніне орай оқырманға таныстырылды.
«Сирек басылымдар әлемінде» атты көрме ұйымдастырылып, Қызылорда астана болған жылдары жарық көрген басылымдар қойылды. Оның ішінде 1929 жылы басылған «Жаңа әдебиет» және 1944 жылы шаққан «Майдан» атты журналдар бар. 1926 жылы жарық көрген Ахмет Байтұрсыновтың «Жаңа құрал» атты әліпбиі де көрмеге қойылған. Ұйымдастырушылар тарихи мұраларды сақтау мен қалпына келтіру жұмыстары туралы айтты. Қолжазбалар мен сирек кітаптардың көпшілігі жергілікті тұрғындардың жеке қорынан алынып, арнайы зертханада қалпына келтірілген.
Гүлдерайым Қосназарова, кітапхананың бөлім меңгерушісі:
- Жалпы бізде сирек қорда келген, қолдан тапқан кітаптарды, бір кітапты қалпына келтіру үшін 4 айдай уақыт кетеді. Қазіргі таңда 2010 жылдан бастап осы қалпына келтіру секторы өзімізде ашылды. Қазіргі таңда өзіміздің кітапхана қалпына келтіріп жатырмыз кітаптарды.
Гүлбағира Бәкірова, тарих пәнінің мұғалімі:
- Бұрыннан келе жатқан көне тарихи деректермен танысып жатырмыз. Өте керемет болды деп есептеймін. Бұдан кейін балаларымыз келіп, осы кітапханадан көп деген басылымдарды пайдалана отырып, өздерінің жұмыстарын жазады деген ойдамыз.
Тегтер #Қызылорда #көрме #ұлттық кітап күні #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz