Алматы облысының Қаскелең қаласындағы Креативті индустрия паркінде орналасқан Нью-Йорк киноакадемиясының филиалына тыңдаушыларды қабылдау жүріп жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Мұнда 5 бағыт бойынша мамандар әзірлейді. Атап айтқанда, продюсерлік, сценарий жазу, ойындардың дизайны мен әзірлемесін жасау, сондай-ақ анимация және визуалды эффектілер бойынша кадрлар дайындайды. Сабақ қыркүйек айында басталады. Мерзімі – 1 жыл. Оқу ағылшын тілінде жүреді. Дәрісті америкалық профессорлар оқиды. Бірінші кезеңде филиал 200-ге жуық адам қабылдауды жоспарлап отыр. Бұл әзірге Нью-Йорк киноакадемиясының Орталық Азиядағы алғашқы филиалы. Алдағы уақытта паркте түсірілім павильонын салу көзделген.
Еске сала кетейік, Креативті индустрия паркі былтыр Алматы энергетика және байланыс университетінің базасында ашылды.
Ғани Нығыметов, Energo University ректоры:
- Студенттер бірінші курстан бастап өздерінің оқитын, жұмыс істейтін әріптестерін тауып, осы жерде қандай компаниялармен жұмыс істеп жатыр? Қандай кино түсіретін компаниялармен жұмыс істеп жатыр? Сондай мүмкіншіліктерді зерттеу. Жалпы бұл іс шараның мақсаты – университетіміздің креатив және технология саласын біріктіру. Біз өзімізді Орталық Азиядағы бірінші технокреативті университет санағымыз келеді.
Тегтер #Алматы облысы #филиал #қабылдау
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz