RU
Толық нұсқаға өту

Елордада кітап фестивалі ұйымдастырылды

23.04.2025, 21:52 740

Астанада кітап фестивалі өтті, деп хабарлайды 24KZ. Сарыарқа ауданы әкімдігінің ұйымастыруымен Есіл өзенінің жағалауында, ашық аспан астында кітаптар бұрышы ашылды. Онда қала тұрғындары мен қонақтары түрлі жанрдағы туындыларды оқып, кітап алмаса алады. Фестиваль оқырман санын арттырып, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Жасөркен Жаңабай қазақ әдебиетін жақсы көреді. Оның сүйікті туындысы – «Қызыл жебе». Шерхан Мұртазаның бұл шығармасы кішкентай оқырманның жадында рухты көтеретін роман ретінде сақталған. 11 жастағы Жасөркеннің кітапқа деген қызығушылығын атасы оятқан.

Жасөркен Жаңабай, оқушы:

- Кітаптан көп нәрсе үйренуге болады. Тұрар Рысқұлов сияқты андай қиын өмірлік сәттерден сынбай, соңына дейін жүруді немесе одан да ақылды үйренуге болады.

«Оқымайтын ұлт дамымайды. Жастардың, әсіресе оқушылардың кітапқа деген құштарлығы қуантады», – дейді фестивальді ұйымдастырушылар.

Алтынай Зарлыққызы, Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы:

- 23 сәуір кітап күні деп белгіленді. Соны қолдау мақсатында біз Есіл өзенінің жағасында «Кітап fest – кітап оқитын ұлт» деген атаумен фестиваль ұйымдастырдық. Бұл жерде бізде жеке кәсіпкерлер қолдады. Кітаптарды беру және BookCrossing алаңын ұйымдастырдық. Ол жерде кез келген оқырман, кез келген тұрғын өзінің оқыған кітабын әкеліп, оның орнына басқа ұнаған кітабын алуға мүмкіндік бар.

Кітапсүйер қауым үшін BookCrossing алаңы жаз бойы жұмыс істейді. Ұйымдастырушылар оқу мәдениетін жандандырып, елорда тұрғындары мен қонақтарын кітап алмасу науқанына белсенді қатысуға шақырады.

Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Мадияр Қындыбаев, Аружан Шуақбай

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz