RU
Толық нұсқаға өту

Көкшетауда үздік оқырмандар марапатталды

23.04.2025, 22:15 566

Көкшетауда үздік оқырмандар анықталды, деп хабарлайды 24KZ. Кітапқұмарларға арнайы алғысхат пен жергілікті қаламгерлердің шығармалары табысталды.

Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы оқырмандарын осылай ынталандырып тұруды дәстүрге айналдырған. Казір мұнда 350 мыңға жуық кітап қоры бар. Кітапханаға жылына 100 мыңнан астам оқырман келеді.

Жадыра Әубәкірова, М. Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бөлім меңгерушісі:

- Әрбір бөлімде өзінің статистикасы жүреді. Жыл бойы кітапханаға үзбей келіп, кітапханаға қорындағы кітаптармен танысып, өздеріне кітап алатын үлкен қариялар бар, балалар мен студенттер бар. Соның барлығы есептеліп отырады. Тек қана кітап күні емес, басқа да ауқымды іс-шаралар күні тұрақты оқырмандарды жиі марапаттауға тырысамыз.

Айман Беретаева, студент:

- Мен, мысалы, жылдың басынан бастап келемін. 10-ға жуық кітап оқыдым.  Менің ең сүйікті автоларым Ілияс Жансүгіров, Мағжан Жұмабаев және Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін жақсы көремін. Осы кітапханаға келіп, менің қазақ әдебиетіне деген махаббатым ашылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz