RU
Толық нұсқаға өту

Астанада «Корифей. Культурология Абиша Кекильбаева» кітабының тұсауы кесілді

23.04.2025, 22:15 1149

Астанада Сауытбек Абдрахмановтың «Корифей. Культурология Абиша Кекильбаева» атты кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды 24KZ. 8 тараудан тұратын туынды заманның заңғар жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының өнегелі өмір жолы мен шығармашылығынан сыр шертеді.

Еңбек бұған дейін Мәскеуде мың данамен басылып, орыс тілді оқырманға жол тартқан еді. Бүгін бас қалада біздегі таныстырылымы өтті. Жиынға жазушы, ақындар мен депутттар қатысты.

Сауытбек Абдрахманов, кітап авторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

- Бұл кітаптың негізгі ерекшелігі – Әбіш Кекілбаевті философ, ойшыл, культуролог ретінде танытатындығы. Өйткені орыс тіліндегі оқырман Әбіш Кекілбаевтің публицистикасын оқыған емес. Әбіш Кекілбаевтің сұхбаттарын оқыған емес. Сол арқылы біз Әбіш Кекілбаевтің әрі әдебиеттанушы, әрі өнертанушы, әрі публицист екендігін 8 тарауда бөліп жазып, осы 8 тарау Әбіш Кекілбаевтың ойшылдығының 8 қырына арналған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz