Жамбыл облысында Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай екі жерден ескерткіш тақта ашылды. Алғашқысы Баукеңнің өзі туып-өсіп, 1931-1932 жылдары прокурор болып қызмет атқарған Жуалы ауданында қойылды.
Екіншісі Тараздағы облыстық прокуратура ғимараты алдында пайда болды. Жеңіс күні қарсаңында өткен шараға Бас прокурор Берік Асылов пен батырдың ұрпақтары қатысты. Шара аясында салаға қызмет етуге қадам басқан жас прокурорлар салтанатты түрде ант қабылдады.
Батухан Әмір, Қордай ауданы прокуратурасының прокуроры:
-Бауыржан Момышұлы соғыс ардагері ғана емес, прокуратура органдарында, осы Жамбыл облысында Жуалы ауданының прокуроры болған. Біз де осы прокуратура органына алғашқы қадам басып, бүгінгі батыр бабамыздың 115 жылдығында салтанатты түрде ант қабылдадық. Бізге бұл кісі әрдайым үлгі ретінде танылады. Бізге сол кісінің жолын берсін.
Тегтер #Жамбыл облысы #Бауыржан Момышұлы #ескерткіш тақта #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz