RU
Толық нұсқаға өту

Атыраудағы этномәдени бірлестіктер тұрғындарға концерттік бағдарлама ұсынды

01.05.2025, 17:49 678

Атыраудағы 18 этномәдени бірлестік қала тұрғындарына мерекелік концерттік бағдарлама ұсынды.

80-нен аса ұлт өкілі тұратын өңірде татулық пен бірлік ерекше ұлықталады. Осы орайда ҚХА жанынан құрылған облыстық Ақсақалдар кеңесінің де маңызы зор. Жыл басынан бері 16 мыңнан аса тұрғынды қамтыған 100-ден аса жиын өткізді. Татулықты ту етіп, бірлікті дәріптейтін Кеңес мүшелері жастар арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүйелі жүргізіп келеді.

Зұлпыхар Сүйнешов, облыстық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің мүшесі:

- Ақсақалдар кеңесі елдің бірлігімен қатар ұлтаралық бірлікті, әсіресе жастар тәрбиесі, тіл, дін, басқа да осы бізге керекті жағдайларды ақсақал, тәжірибесі бар үлкен адамдар арқылы насихаттау жүріп жатыр. Бүгінгі мына 1 мамыр мерекесі де халықтар бірлігін паш ететін үлкен мереке.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz