RU
Толық нұсқаға өту

«Қайын ата мен Күйеу бала» комедиясы көрерменге жол тартты

01.05.2025, 18:15 1065

«Қайын ата мен Күйеу бала» отбасылық комедиясы бүгіннен бастап көрерменге жол тартты.

Tiger Films студиясы түсірген тың туындының тұсаукесері Алматыдағы Halyk IMAX Kinopark 16 кинотеатрында өтті.  Фильмде Төлеген есімді жігіт өзінің бастығы Темірбектің қызына ғашық болып қалады. Бойжеткеннің көңілін тапқан жігіт, қайын атасының көңілінен шықпай қояды.

Қайын ата мен күйеу бала арасындағы отбасылық комедияның тұсаукесері эстрада әншілерінің қатысуымен өтті. «Алатау серілері» мен «Әдемі-ай» дуэті ән айтып, премьераға келген қонақтардың көңілін көтеріп тастады. Актер Қуаныш Жолжақсынов фильмнің сценариі қызықты, тақырыбы тың болғандықтан басты рольге қуана келісім берген.

Қуаныш Жолжақсынов, актер:

- Қазір көретін боласыздар сахналарда wifix дейді. Эффектілері бар, оттың эффектілері бар. Бір ол оттар кәдімгі сахнада болмаған, соларды мына жерден келіп жатқан, соның бәрін ойнау сол ғана ең қиыны сол болды ғой деймін және суық күні далада асфальтта жатып ойнау сол да қиын болды. 

Қалыңдықтың әкесі Темірбектің ойынша жігіттердің бәрі білегі тоқпақтай, жауырыны қақпақтай болуы керек. Ал Төлеген ондай емес. Десе де білек күшінен гөрі білімді бағалайтын басты кейіпкер қайын атасының көңілінен шығуға тырысады. «Ұстанымы әртүрлі кейіпкерлердің пікір қайшылығы шытырман оқиғаға ұласады»,-дейді идея авторы әрі режиссері Ален Ниязбеков. 

Ален Ниязбеков, фильмнің режиссері:

- Осы тақырыпқа қатысты сценарий өте қызық болды. Қайын ата мен күйеу балаға қатысты әзілдер де көп. Арасынан ең жақсысын таңдадық. Фильмнің трейлері бір жылдан бері жарнамаланып жатқан кезде көрермен тарапынан қызығушылықты байқадық. Сосын біз киноға өзгертулер енгіздік. Қайын ата мен күйеу бала арасындағы шытырман оқиға бүгіннен бастап, Kinopark, Kinoplexx кинотеатрлар желісінен көрсетеледі. Айта кетейік, Tiger Films продюсерлік компаниясы Қазақстан нарығында 2021 жылдан бері жұмыс істейді. Қазір студияның қоржынында 49 туынды бар. 

Аршын Кемелжан, Радик Жакупов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz