Жеңістің 80 жылдығына орай «Хабар» телеарнасы жаңа деректі фильмнің тұсауын кеспек, деп хабарлайды 24kz.
Оның премьерасы 9 мамырда көрерменге жол тартады. Жобаның бірегейлігі неде?
Альмира Оразбай, тілші:
- Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарына қатысты тарих беттері тың деректермен толығып жатыр. Ғалымдар мен зерттеушілер жыл сайын зұлмат жылдардан сыр шертетін құнды дүниелерді тауып жатыр. Ондағы атыс-шабыс, жаулардың бірін-бірі бомбалауы, Отанын қорғау үшін шайқасқан сарбаздар. Міне, осының бәрі «Фронтовое братство» фильмінде қамтылған. «Хабар» арнасы өз көрерменін Жеңістің 80 жылдығына орай осы деректі туындымен қуантпақ. Сценарий авторы – арнаның продюсері Дәулет Ислямов.
Дәулет Ислямов, «Хабар» телеарнасының продюсері, сценарий авторы:
- Жеңіс туы қалай желбіреді? Соғыс жылдарындағы бауырмалдық, өзге ұлттар арасындағы достық қандай болды? Фильмде осы сұрақтардың жауабын табуға болады. Біз түсірілім тобымен әрбір кадрды ерекшелеуге тырыстық. Ал жобаға тартылған актерлерге шындыққа жанасатын гримм жасадық.
Мінсіз көрініспен қатар таза әрі құлаққа қонымды дыбыстың да маңызы жоғары. Деректі туындыны дыбыстау Ұлттық ұланға қарасты 5579 әскери бөлімінің қызметшісі Батырхан Сағидоллаға бұйырды. Бұл қоңыр үнді сарбаздың бала арманы екен.
Батырхан Сағидолла, ҚР Ұлттық ұлан 5573 әскери бөлімінің қызметшісі:
- Бұл менің бала кезімдегі арманым. Дәл қазір «Хабар» телеарнасы маған осындай мүмкіндік беріп отыр. Мен өзім Ұлттық ұланның сарбазымын. Мен үшін дәл осындай әскери фильмді үлкен мәртебе.
Елде көзі тірі соғысы ардагерлерінің саны бүгінде 100-ден сәл асады. Фильмнің түсірілім тобы олардың бірқатарымен сұхбат жазып, оны деректі туынды арқылы жарыққа шығармақ. Қан майдан турасындағы «Фронтовое братство» фильмін 9 мамырда «Хабар» телеарнасынан көруге болады.
Авторлары: Альмира Оразбай, Артур Горшняков
Тегтер #Хабар арнасы #Деректі фильм #премьера #Жеңістің 80 жылдығы #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz