RU
Толық нұсқаға өту

Елордада Kazinform фотокөрмесі ашылды

05.05.2025, 22:23 495

Астанада «Жеңістің 80 жылдығы. Kazinform фотошежіресәі» атты көрме ашылды, деп хабарлайды 24kz.

Іс-шараны Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясымен бірлесе ұйымдастырып отыр. Экспозиция Жеңістің 80 жылдығы аясында Қазақстан халқының фашизмді талқандауға қосқан үлесін көрсетуге арналған. Бір ғасырдан бері ел тарихын қаттап келе жатқан Kazinform мұрағатында маңызды оқиғалардың ақпараты ғана емес, бірегей фотосуреттері де сақтаулы.

Бибігүл Жексенбай, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Бүгінгі шараның орны мен рөлі ерекше. Өйткені 80 жылдық тарихты еске алғанда ең бірінші бүгінгі ұрпақтың сол суреттерге қарап, жады жаңғыратыны сөзсіз. Сұрапыл соғыста біздің ата-бабаларымыз тек қарумен ғана күрескен жоқ, объективпен, фототілшілердің, фоторепортерлердің қан майданның ортасында жүріп, сол сұрапыл соғысты бүгінгі ұрпаққа көз алдымызға елестетуге мүмкіндік жасады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz