RU
Толық нұсқаға өту

Астанада Отан қорғаушы күніне орай мерекелік концерт өтті

07.05.2025, 17:09 698

Әскери шеруден соң астаналықтарға мерекелік концерт ұсынылды.

Қалалық әкімдік ғимараты алаңында эстрада жұлдыздарының қатысуымен думанды шара ұйымдастырылды. Көрермен қауымды МузАрт, Маржан Арапбаева, Қуандық Рахым сынды өнер майталмандары отан қорғаушылар күнімен құттықтап, әннен шашу шашты. Ұйымдастырушылар сөзінше, 2000-нан астам адам жиналған. Бұдан бөлек Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай бас қаланың әр бөлігінде түрлі мәдени шаралар жоспарланған.

Аяулым Әдешова, Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты бас маманы:

- Жалпы мерекелік көңіл-күй жақсы. Халықтың ықыласынан шығып жатыр деген ойдамыз. Бұл концертті ұйымдастыруымыз халықтың бірлігіне, Отан қорғаушыр күніне орай ер-азаматтарымызға арналған мерекелік концерт. Ел аман, жұрт тыныш болсын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz