Бүгін елордада «Тарлан» көркем фильмінің жабық көрсетілімі өтті, деп хабарлайды 24kz.
Кинотуынды Қазақстанның AlmaPictures және Татарстанның «Татаркино» киностудияларының бірлескен жобасы. Картина мазмұны татар әдебиетінің классигі Ғалымжан Ибрагимовтың «Алмачуар» атты әңгімесіне негізделген. Бұл – Зәкір есімді бала мен оның Тарлан атты тұлпары арасындағы жүрек тебірентерлік достық хикаясы. Фильм баланың ер жетуі, жалғыздықпен күресі және ішкі рухани дамуы тақырыптарын қозғайды. Басты кейіпкер шынайылық пен адалдықты жануар досынан табады.
Айта кетейік, жоба Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен жүзеге асты.
Әділет Омаров, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасының орынбасары:
- Бұл жоба тек көпшілік көрерменге ғана арналмаған. Бұған дейін көптеген халықаралық фестивальдерде жүлдегер атанған. Яғни, бұл – халықаралық аренада да мойындалған жобалардың бірі. Көптеген халықаралық 15 кинофестивальдің жүлдегері атанған. Қазіргі күні бүгін міне, көрерменге жол тартпақ.
Тегтер #елорда #жабық көрсетілімPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz