RU
Толық нұсқаға өту

Елордада М. Ахмадиевтің 75 жылдық мерейтойына арналған концерт өтті

13.05.2025, 08:30 626

Астанада Мұрат Ахмадиевтің 75 жылдық мерейтойына арналған мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды 24KZ. Сахнада мерейтой иесінің әндері шырқалды. Қазақстанның халық әртісі, композитор және қоғам қайраткері өзінің шығармашылық жолын 15 жасында бастады.

Жасөспірім шағында ол «Тайганың сыры» және «Әкелердің жері» атты фильмдерде басты рөлді сомдады. Соңғы аталған картина «Қазақфильм» киностудиясының үздік ондығына кіреді. Ұзақ жылдар бойы ТМД аумағындағы жалғыз ұйғыр театрын басқарды. Жарты ғасыр бұрын «Яшлык» ансаблінің негізін қалап, осы күнге дейін жетекшілік етіп келеді.

Айта кеткен жөн, бұл концерт Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтті.

Абдуреим Ахмади, М. Ахмадиевтің ұлы:

- Ағам екеуіміз Дильшат ағаммен бірге «Алтынай» деген әнді айттық алғаш рет сахнада. Себебі «Алтынай» деген – папамның ең бірінші әні. Кезінде Шәкен Аймановпен кинода болған. Сол бір фильмде Алтынай деген қызға ғашық болған.

Ялкунжан Шамиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

- Ахмадиевтің ұйымдастыру қабілеті күшті болды. Театр директоры болған кезде де, Парламент Мәжілісінде де көрдік. Актер ретінде ол драма актеры болмаса да, киноға түскен. Өз кезінде Шәкен Айманов оны «менің балам» деп, 4-5 жыл соның үйінде жасады ол.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz