Абай Құнанбайұлының ақындығымен қатар компазиторлық қыры да қалың қарашаға аян.
Сыршыл сазгердің саналы ғұмырында жазған оннан астам әні қазақ өнерінің жауһарына айналды.
Ал Абай атамыздың көзі тірісінде тұтынған әр түрлі аспаптары елдің музейлерінде сақтаулы. Солардың бірі хәкімнің қара домбырасы. Қазір бас қаладағы жеке мұражайда тұр.
Шернияз Жалғасбекұлы, тілші:
- Қос ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра. Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра. Иә, сан ғасырдан бері халқымызбен бірге жасап келе ұлттық аспабымыздың біз үшін қадір, қасиеті жоғары. Ал мынау тұрған ұлттық аспапты уақытында заманның заңғар ойшылы, һәкім Абай Құнанбайұлы тұтынған екен. Қазір бас қалада жеке музейлердің бірінде сақтаулы тұр.
Абай - ақын һәм ағартушы, Абай - философ. Сондай-ақ Абай - сыршыл сазгез. Ол қазақ ән өнерін тың туындылармен толықтырды. Айттым саған қаламқас, Желсіз түнде жарық ай, Көзімнің қарасы секілді шығармалары күні бүгінге дейін көпшіліктің көкейінде сайрап тұр. Құлақтан кіріп, бойды алар, әсем ән мен тәтті күй деп жырлаған ақынның музыкалық аспаптары әліге дейін қолданыста. Солардың бірі бас қаладағы жеке мұражайлардың бірінде сақтаулы.
Берік Әлібай, зергер, коллекционер:
- Қаһмадияр дегеннің ұрпақтарынан алдым. Қаһмадияр деген кісі Ташкенде тұрған екен, сонау Абай заманында. Естиді ғой, сонау шығыста Абай деген бар екенін, тілмаш екенін, ақын екенін, содан жанағы кісі Абайды іздеп шығысқа барады, Жидебайға. Сол Абай екеуі әңгіме құрып қолында бір жыл жатқан екен. Сол Абай кетерінде Ризашылық көңілмен, осы домбырасын сыйлаған екен.
Дегенмен, бұл аспаптың Абайдыкі екені ғылыми түрде дәлелденбеген. Дейтұрғанмен, ойға қонымды, санаға сенімді дәйектер бар. Белгілі Абайтанушы ғалым Асан Омаров, тарихи жәдігерден сол уақыттардағы белгілерді байқауға болады, дейді.
Асан Омаров, абайтанушы, ғалым:
- Үлкен толқыныста, қуаныш үстінде отырмын. Себебі Абай атамыздың домбырасы табылды деген хабарға келіп отырмыз. Алдарыңызда мен ұстап тұрған қара домбыра Абай атамыздың көп жыл ұстаған домбырасы екен.Бұған әртүрлі дәлелдер бар. менің айтайын дегенім менің көкейіме қонып отыр, 19 ғасырда жасалғанына сеніп отырмын. Себебі тұтас ағаштан жасалған.
Иә, сол замандағы домбыраның дені тұтас ағаштан ойылып, қалақша кейіпте жасалған. Көлімі де қазіргіден кіші болған көрінеді. Себебі сол, мұндай мукалық аспаптар ат үстінде тартуға ыңғайлы болған.
Асан Омаров, абайтанушы ғалым:
- Мынау өзі ықшамды, шағын келеді Тобықты домбыралары, қалақша түрінде жасалған. Мұндай домбыраны Абай атамыз кезінде әрбір қазақтың үйінде болған. Домбыра тартпаған қазақ жоқ ол кезде. Сондықтан мына домбыра Абайдың қолында болғанына кәміл сенемін.
Берік Әлібай, зергер:
- Осы жерге домбыра тартатын кісілер келеді, күйшілер келеді. Солардың барлығы тартып көріп, таңқалады ғой. Баяғы қазақтың үні, қазақтың даласының үні естіліп тұрады. Қазіргі домбылар, 50-жылдан кейін домбыралардың несі өзгерді ғой, пішіні де өзгерді, даусы да өзгерді. Бірақ мынау сол сонау біздің даланың үні, даланың сарыны.
Абайдың асыл мұрасы – біздің ұрпаққа аманат. Қастерлей білсек, қадірлей білсек – құнды жәдігердің құндылығы артып, Абай әлемі Алашқа айқара бола бермек.
Шернияз Жалғасбекұлы, Ғалымжан Әбділахат
Тегтер #Астана #музей #Абай Құнанбайұлы #домбыра #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz