RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда жазушы Сәуле Досжанның «Өмір бәйтерегі» кітабы таныстырылды

15.05.2025, 18:16 788

Алматыда жазушы Сәуле Досжанның «Өмір бәйтерегі» кітабы таныстырылды, деп хабарлайды 24kz.

Mecenat-2024 әдеби сыйлығының жеңімпазы атанған роман 2 мың данамен жарық көрді. Автордың айтуынша, бұл 7 жыл бұрын жазылған «Көрдемшенің тағдыры» атты әңгіменің жалғасы. Романда некесіз туған кейіпкер – Нұржанның ауыр тағдыры баяндалады. Қоғамнан теперіш көріп өскен ұрпақтың жан сезімі суреттеледі. Оқырманын тапқан туынды көптің сұрауымен толықтырылып, «Өмір бәйтерегі» атауымен жарық көріп отыр. Шығармада кейіпкердің тағдыры арқылы қазақтың салт-дәстүрі мен қан тазалығы баяндалады. Түрік, ағылшын және орыс тілдеріне аударылған шығарма енді қырғыз, башқұрт тілдерінде де басылады.

Сәуле Досжан, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

- Мұның ішінде ер адамға қатысты, ата-бабаға қатысты, жеті атаға қатысты жалпы мына ұлан-байтақ даламызды қорғап жатқандарға қатысты бүкіл этнографиялық нәрселер бар. Сондай бүкіл біздің тарихи қадір-қасиетіміздің бәрі бар бұл кітапта. Қазақта еркекпін деп туған баланың барлығын ата-анасы оның жеті атасын білгізген. Оның қан тазалығын сақтап отырған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz