Біртуар француз хореографы Ролан Петидің аңызға айналған туындылары «Астана Опера» сахнасында қойылды, деп хабарлайды 24kz.
«Арлезианка», «Бозбала мен Өлім», «Кармен» атты бір актілі балеті «Опералия -2025» халықаралық фестивалі аясында көпшілікке тарту етілді. Қоюшы дирижер – Элмар Бөрібаев. Петидің хореографиясын елордалық театр сахнасына балетмейстер Луиджи Бонино лайықтады. Үш туынды да махаббат тақырыбын арқау еткен. Басты кейіпкерлердің нәзік сезімдерін театр әртістері би арқылы шебер жеткізіп, көрермен ықыласына бөленді.
Алтынай Асылмұратова, «Астана Опера» театрының көркемдік жетекшісі:
- Біз хореграф Ролан Петидің шығармашылығымен бұрыннан етене таныспыз. Бұған дейін де оның танымал би қойылымдарын ел назарына ұсынып келдік. Осы жолы да кемеңгердің үш бірдей туындысын тарту етіп отырмыз. Үшеуінің айтар ойы ұсқас, бірақ әрқайсы өз алдына қайталанбас шығарма.
Тегтер #астана опера #Ролан Пети #елордаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz