RU
Толық нұсқаға өту

18 мамыр – Халықаралық музейлер күні

18.05.2025, 13:21 407

Бүгін Халықаралық музейлер күні.

Елордадағы Ұлттық музей де таңнан бері рухани-мәдени құндылықтарды, халқымыздың тарихын әспеттейтін іс-шаралар легін бастап кетті. Соның бірі "Балдырған гид" жобасы. Биыл оған 4 жасар бүлдіршіндер қатысып жатыр. Кішкентай гидтер музей залдарын таныстырып, жас көрермен мен қонақтардың көкжиегін кеңейтті. Күні бойы "Мирас" үйірмесі және "Күміс жас" жобасы шеңберінде түрлі экскурсиялар ұйымдастырылады. Сондай-ақ жиналған қауым Алтын адам мен ежелгі ханшайымдар бейнесіндегі кейіпкерлер ұсынған қойылымды тамашалайды. Музей күні "Музей түнімен" түйінделеді. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтетін іс-шараға 50 мыңға жуық көрермен келеді. 

Айгүл Рахтаева, ҚР Ұлттық музейі экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің әдіскері:

- Бізде бірнеше іс-шара бүгін өтпекші. Бұл жерде цирк та бар, бұл жерде концерт те бар, шоу да бар. Жұлдызды гид та бар. Яғни елімізге танымал журналистер тек қана телеарнадан өздерінің хабарын жүргізіп қана қояды деп ойлаймыз ғой. Олай емес, олар тарихқа деген қызығушылығын одан әрі арттырып, көрерменмен тікелей бүгін жұмыс жасайды.

Айша Сәрсенбай, кішкентай гид:

- Маған музейді айтқан ұнайды. Өйткені ол маған ұнады. Өйткені онда алтын адамдар бар, динозавр бар. Солардың бәрі маған ұнайды. Маған осы музейді айтқан ұнайды. Өйткені мен оны жатқа жаттап алдым. Өйткені Алтын адамдар бар, динозавр бар. Сол үшін маған олардың бәрі ұнайды. Музей күндеріңізбен бәріңізді құттықтаймын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz