RU
Толық нұсқаға өту

Астанада мәдениет қызметкерлерінің форумы басталды

19.05.2025, 17:41 401

Айтулы шараны Мәдениет және ақпарат министрлігі өнер қайраткерлерінің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырып отыр.

19-21 мамыр аралығында өтетін жиынға Музей, театр, кітапхана, архив және мәдени-демалыс ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ шығармашылық зиялы қауым мен креативті индустрия өкілдері шақырылған. Олар оқыту семинарлары, тренингтер мен шеберлік сыныптарына қатысып, саладағы қордалы мәселелерді талқылайды.

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада ине шаншар орын жоқ. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген мәдениет саласының қызметкерлері әуелі дөңгелек үстелде бас қосты. Талқыдағы тақырып - қоғамдық кітапханаларды дамыту мен олардың жұмысын заман талабына бейімдеу. Саладағы білікті мамандар  тәжірибелерін ортаға салып, ой-пікір алмасты.

Күміс Сейітова, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры:

- Жалпы мыңға жуық адам жиналып жатыр. Оның ішінде 160-қа жуық қызметкерлер осы Ұлттық академиялық кітапхана ұйымдастырып жатқан семинарға қатысады. Және осы мерекенің аясында дәстүрге айналған Рухани Қазына фестивалі де өтіп жатыр. сол фестивальдің қатысушылары да бүгін осы кітапхананың ішінде.  

Бұл фестиваль озық тәжірибелер сыналатын алаң іспетті. Өз жұмысына жанашырлықпен қарап, жаңашылдық ұсына білгендерге арнайы тағайындалған жүлде  бар.

Жеңіс Сейдоллаұлы, «Рухани қазына - 2025» республикалық фестивалінің әділ қазылар төрағасы:

- Астана, Алматы және ірі қалалар мен шалғай жатқан аудандардың қызметкерлері өздерінің бүгінге дейінгі істеген жұмыстарымен таныстыру. Бізді таныстырады және бір-бірлеріне таныстырады. Сондықтан бұл үлкен тәжірибе алмасу негізі. Сондықтан мен сәттілік тілеймін. Бүгіннен басталып жатыр. қорытындысы 21 мамырда болады. 

Ұлттық музей жанынан реставрация орталығы ашылады 

Бүгін ІІІ Қазақстан музейлерінің конгресі де өтті. Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Түрксой» халықаралық ұйымының қолдауымен өткен жиында құнды жәдігерлерді қалпына келтіру және сақтаудағы өзекті мәселелер талқыланды. Мәселен, Астанадағы Ұлттық музейде ежелгі археологиялық жәдігерлерді қалпына келтіретін орталық ашу туралы шешім қабылданды. 

Ақмарал Ибраева, ҚР Ұлттық музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары: 

- Мысалы, қылышымыз бар. Сонау ежелгі қола ғасырына жататын. Ол үгітіліп тұр. Немесе бізде текстильден, матадан жасалған бұйымдар бар. Оларды қазір тіпті ұстауға, қоюға мүмкіндік болмайды. Қазір текстиль маманы дейміз, матадан жаңағы, одан кейін металл маманы дейміз, ағаш маманы дейміз сол рестовраторларға біз сол заттарды көрсетіп практикалық тұрғыда біз оны қалай әрі қарай қалпына келтіре аламыз. Осы мәселені біз нақты түрде талқылағымыз келіп отыр. 

Сонымен қатар үш күнге созылатын конгресте ғылыми зерттеушілер мен білікті реставраторлар лабораториялық жұмыс жүргізіп, өзара тәжірибе алмасады. 

Серік Селеубайұлы, Мерей Талап

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz