RU
Толық нұсқаға өту

Астанада Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай гала-концерт өтті

21.05.2025, 23:20 557

Астанада мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай гала-концерт өтіп, онда сала мамандары марапатталды, деп хабарлайды 24kz.

Мемлекеттік наградаларды Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев табыстады.

Музей, театр, кітапхана, архив. Мұндағы қызметкерлердің бәрі елдің рухани мұрасын, мәдениет пен өнердің тұтқасын ұстап отыр. Бүгінгі гала-концертке тек елорданың емес, өңірлерден де арнайы келген сала мамандары қатысты.

Ермек Көшербаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Қадірлі мәдениет және өнер қызметкерлері қолдарыңызда елдің іші, сөздеріңізде елдің бет-бейнесі, жүректеріңізде адамдық пен ар. Жасаған еңбектеріңіз ел жадында қалсын. Қазақтың рухы сіздердің арқаларыңызда биіктей беретіні күмәнсіз. Шабыттарыңыз сарқылмасын!

Мәдениет – халықтың рухани қозғаушы күші, қоғамның ортақ игілігі. Оның көшін алға тартып жүрген бірқатар азамат бүгінгі гала-концертте мараптталды. Бірі «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалін алса, енді бірінің төсіне «Шапағат» медалі тағылды. Сондай-ақ үздік сала мамандарына «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы және Президенттің алғыс хаты табысталды.

Біржан Жалғасбаев, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері:

- Бұл марапат үлкен жауапкершілікті, Президенттің атынан берілген үлкен мәртебе, үлкен бағы. Бұл тек маған емес, біздің ұжымға берілген баға деп қабылдаймын. Сондықтан әрі қарай өз қарашаңырағымыз театрға аянбай, үлкен шығармашылықпен, зор жауапкершілікпен қызметімізді жасаймыз деп ойлаймын.

Асан Нұрбергенов, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері:

- Сезінетін едік халықтың алдында бір миссия орындап жүрген адам сияқты. Енді бұл марапатпен екі еселенетін болады. Өте қуаныштымыз. Кеше ғана білдік, Мемлекет басшысы бізді солай марапаттап жатыр дегенді. Бүгін таңертең ұшып келдік. 

Биылғы мәдениет және өнер қызметкерлері күні бұрынғыдан айырықша өтті. Астанада сала мамандарының ауқымды форумы ұйымдастырылып, үш күнге жалғасты. Оған 700-ден астам отандық және шетелдік мәдениет майталманы қатысты. Ал бүгінгі гала-концерт аясы кең форумның салмақты түйіні болды.

Авторлары: Альмира Оразбай, Мұрат Арипханов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz